30 қаңтар күні 1 «А» сыныбында «Қош бол, әліппе!» атты мереке өтті. Балаларға мерекеге тек ата-аналары, апа-аталары, мектеп әкімшілігі ғана емес, «Әліппенің» өзі де келді. Балалар «Әліппе» үйреткен, тақпақтарды зор ынта-ықыласпен айтып, көңілді әндерден ән салды, тапсырмаларды оңай орындады. Афанасьева Полина және Сушко Станислава «Анадан алыста» атты биді сәтті орындап шықты. Ең жағымды сәттердің бірі әр оқушыға «Әліппе оқылды!» атты дипломдар берілді және ата-аналар атынан кітап сыйға тартылды. Мерекенің соңы асханадағы тәтті отырыспен аяқталды. Бір сөзбен атйқанда мереке қызықты да тартымды өтті. Мереке барлық келген қонақтардың көңілінен шықты.
Сынып жетекшісі: Цымбал О.В.