Қазан айында 1-2 сыныптар арасында «Күз бояулары» атты қолөнер бұйымдар көрмесі өткен болатын. Көрмеге өз жұмыстарын 158 оқушы шығарып, олардың барлығы көрме аяқталғанда түрлі номинациялардағы мақтау қағаздарымен марапатталды. 5-8 сыныптар үшін «Күз сыйы» қабырға газеттері байқауы өтті. Байқаудың бірінші күнінен бастап-ақ оқушылар өз қабырға газеттерін мектеп дәлізінде орналастырды. Байқау сонында ең жақсы деген жұмыстар мақтау қағаздарымен марапатталып, байқаудың басқа қатысушылары алғыс хаттарға ие болды.