30 қазан 9 «А» және 10 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Чайка Наталья Семеновнамен бірге №10 кітапханаға барып қайтты. Бұл кітапхана балалар үшін туған үйлеріндей болып кеткен, себебі олар кітапханада өткізілетін түгел шараларға жыл сайын атсалысады. Осы жолы мектебіміздің оқушылары Палодар өнірінің ақындары шақырылаған кешке көрермен ретінде барған болатын. Ақындар кешті өз жандарынан туған өлеңдері мен қоса өздеріне ұнаған басқа да ақындардың шығармаларын оқыды. Осы кеште орнаған шығармашылық күй оқушыларымызға жақсы әсерін тигізсе керек, олардың поэзияға деген қызығушылықтары артып, кеш бойы ақындардың қойған сауалдарына жауап беріп, өз ойларын ашық білдіріп отырды. Тіпті кейбір оқушылар ақындар тарапынан жасалған сыйлықтарға ие болды. Кеш соныңда Наталья Семеновна қонақтарға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі. Балаларға кештің ұнағаны соншалық, олар мектеп қабырғасында да осындай кеш ұйымдастыруға ниет білдірді.