Күзгі демалыс уақытында №17 мектепте «12 школьных мгновений» қалалық байқауының «Қолөнершілер» атты кезекті айналымы өтті. Аталған көрмеге еңбек пәнінің мұғалімдері Ж.Д. Батталов, А.В. Заводова және Қ.К. Тлеубаева өздерінің үйірме жұмыстарын ұсынды. Оқушылар өз қолдарынан жасаған қолөнер бұйымдарын көрмеге қойып, оларды қалай дайындау керектігі жөнінде мастер-класс өткізді. Ағаштан жасалған киіз үй, домбыра, тұрмыстық заттар сияқты түрлі туындылар жұртшылық көңілінен шықты.