Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Рухани мәдениет – әлемді жаңарту кілті
20-10-2015 08:47
Рухани мәдениет – әлемді жаңарту кілті
1992 жылдың қазан айында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Әлемдік және дәстүрлі діндердің Бірінші съезінің өтуіне жүз жыл толуына орай Дүниежүзілік Рухани Келісім конгресі өтті. Содан бері, біздің Республикамыз - әлемдегі 18 қазан Рухани Келісім күні ретінде атап өтетін жалғыз ел. Осыған орай, 19 қазанда біздің мектепте Рухани келісім күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара шымылдығын құттықтау сөзімен мектебіміздің директоры Мәлікова Айгүл Қайыртасқызы ашты. Ол өз сөзінде біздің мектепте түрлі ұлт балалары оқитының, және олардың барлығы өз араларындағы достықтарын бағалай білетін, бір-бірінің қуанышына ортақтасып қуана білетін, қиын-қыстау уақытта бірінен бірі көмек қолын аямайтын бір бір отбасының балаларына айналғандығын айтты. Мерекеге қатысу үшін «Кардьес» грек вокал ұжымы шақырылған болатын. Олар тек әуезді ән салып қана қоймай, өздерінің әсем билерімен көрермендерді грек халқының бай мәдениетімен тамсандырды. Жиналған қауымды сонымен қатар “Эльбрус” Павлодар қарашай-черкес және қабарда-балкар ұлттық мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Алботовна Байрамкулова құттықтады. Ол өз сөзінде мектебіміздің рухани-мәдени орталықтармен үздіксіз қатынасының арқасында бүгінгі күні ынтымақты Қазақстан мемлекетін құрайтын түрлі ұлт өкілдерінің достығы нығая түсетінің айтты. Бүгінгі шара осы сөздерге бірден бір дәлел болып табылады. Себебі мерекелік концертімізде өнірді мекендейтін түрлі халықтардың тілі ғана емес, сонымен қатар әр ұлттың ән-күйі мен ұлттық киім-кешектері көрініс тапты.. Концерт жайлы залымызға жиналған барлық көрермендердің көңілінен шықты. OLYMPUS DIGITAL CAMERA OLYMPUS DIGITAL CAMERA OLYMPUS DIGITAL CAMERA OLYMPUS DIGITAL CAMERA OLYMPUS DIGITAL CAMERA