Спорт əр адамның өмірінде маңызды орын алады. Мұндай қорытындыға 7 б сынып оқушылары «Спорт туралы сөйлесейік» атты ағылшын тілі сабағында келді. Балалар спорттың түрлері туралы айтып, ұғымдар картасын құрастырды. Бұл картаның көмегімен спорттың қай түрі, оған қандай құралдар керек екендігі, қандай қауіпсіздік шараларын сақтау және спорттың қай түрімен болсын қалай шұғылдануды бастау керек екендігі түсінікті болды. Сонымен қатар оқушылар адам өміріндегі спорттың рөлін талқылады. Өз жақсы көретін спорт түрі және болашақта қандай спорт түрімен шұғылданғысы келетіндігі туралы баяндады. Балалар топтарға бөлініп өз мини-жобаларды қорғады. Сабақ достық жағдайында өтті.