10 қазанда 1 «А» сыныбында Цымбал Олеся Владимировнаның жетекшілігімен « Күз ғажайыптары» атты таңғажайып және қызықты мереке өткізілді. Балалар көңілді әндер айтып, би биледі. Көкөністер мен жемістердің атынан сөз сөйлеп, бастарына өз қолдарымен жасалған маскалар киді. Сыныпта қолдан жасалған әр түрлі мүсіндердің, күз тақырыбына суреттердің көрмесі өтті. « Мумия», «Картоп отырғыз», « Дәміне байланысты ажырат» атты танымдық сайыстар өткізілді. Мерекенің соңында әр оқушы мадақтау қағаздары мен медальдармен мараппатталды. Ата-аналар мен оқушылар бұл мерекенің өткізілгеніне қуанышты болып қалды.