Қарттар күні мерекесі жыл сайын 1 қазан әлемнің барлық мемлекетінде аталып өтілетін мереке. Сол сияқты Павлодар қаласының №17 ЖОББСОБМ қарттар күніне арналған «Жүректен жүрекке» атты мерекелік концерт өтті. Мерекеге педагог-ардагерлер мен аудан ардагерлері шақырылды. Концертте бастауыш сынып оқушылары мен қоса жоғарғы және орта буын оқушылары қатысты. Біздің өнерпаздарымыз өз өнерлері арқылы өңір ардагерлеріне олардың сіңірген еңбектері үшін алғыстарын білдірді. Кешіміздің соңында шақырылған қонақтарымыз дайындалған бағдарлама көңілдерінен шығып, көтеріңкі көңіл-күйде қалғандарын айтты.