Міне, екінші маусымының соңғы күні де келіп жетті. Музыкалық линейкадан кейін теңіз қарақшылары қазына іздеуге кірісті. Балалар барлық қиындықтар мен кедергілерден өтіп, қазынаны тауып алды. № 10 кітапханасына барып үлгерді. Түскі астан соң «Арман әлемі» атты ойыншықтар дүкеніне барып, жетондарына байланысты ойыншықтар сатып алды. Алақай! Екінші маусым да соңына жетті! Осындай жылы сөздердер де болды: « Мен, Годжиева Мадина Курбановна, « Күншуақ» лагерінің тәрбиешілеріне, ұйымдастырушыларына, аспазшыларға алғысымды білдіргім келеді... Рақмет!».