Бүгін линейка жанұяға арналған тақырыппен өте қызықты басталды. Балалар тақпақ айтты, өздері де тақтақ шығарды. Қазақша және орыс тілінде әндер шырқалды.. Мектепте тағы бір қызықты «Менің бақытты отбасым!» конкурс болды, ең қызық суреттерге сыйлық беріледі. Балалар марапаттау сәтін өте шыдамсыздана күтті. «Көрермендер номинациясы» да белгіленді. Кейін бәрі отбасы, өзара қарым-қатынас, өзара көмек көрсету, достық туралы мультфильм тамашалады.