3 маусым күні біздің «Күншуақ» лагерінде бірінші маусымның ашылуы салтанатты түрде өтті. Барлық топтар қызықты презентациялар және өлең, тақпақтар дайындады. Алдымен сөз кезегі лагерьдің бастығы Басанец В.В. берілді. Топ арасында шағын викторина және әртүрлі сайыстар өткізілді. Бүгінгі күн барлық балалардың көңілінен шықты!