Таңғажайып әлемінде.
15 маусымда ауа-райының жаңбырлы болғанына қарамастан мектеп лагеріндегі күн қызықты өтті. Тақырыптық линейка «Қазақстан республикасындағы бала құқығы» тақырыбына байланысты болды. Таңғы астан кейін балалар Ж.Аймауытов қазақ-музыкалық драм театрына, Алдар көсе ертегісін тамашалауға барды. Балаларға ертегінің кеіпкерлері, ертегінің сюжеті және таңғажайып театрлық атмосфера өте ұнады.