Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Денсаулық күні
11-09-2014 11:26
Денсаулық күні

Қыркүйектің  2- нен  6 –на дейін  мектепте  «Мен денсаулығымды күтемін- өз өзімді қорғаймын!»  атты ұранмен  «Денсаулық апталығы» өткізілді.  1 қыркүйек күні «Денсаулық апталығының» өткізілуі туралы жоспары  құрылып, мақсаты анықталды:

1.      Мектеп оқушыларын дене шынықтыру сабағына және спортқа  жүйелі түрде тарту;

2.       Салауатты өмір салтын  қалыптастыру;

3.      Спорт түрлерін жандандыру;

4.      Ең үзік мектеп спортшысын анықтау.

Әр күн 1-11 сынып оқушыларының таңғы жаттығуларынан басталып отырды. Үлкен үзілістерде  бастауыш сынып оқушылары  үшін  қозғалмалы ойындар ұйымдастырылды. 5-7 сынып  оқушыларының  ұлдары  үшін  футбол бойынша жарыс, ал қыздары  үшін пионерболдан жарыстар өткізілді. 

4 қыркүйекте 8-11 сынып оқушылары үшін стритболдан жарыс, 2 сыныптар үшін «Қызықты старт»  өткізілді. 5 қыркүйек күні коньки тебу спортының шебері Людмила Прокашеваның шақырылуымен  спорттық мереке өтті. 4-5 сынып оқушылары  мұқият  тыңдап, сұрақтарын  қойды. Кездесудің соңында  оқушылар Олимпиада ойындарының  жүлдегерімен естелікке суретке түсіп, қолын алды.

 Аптаның басында  « Мен және дене белсенділігі- денсаулыққа деген жол! » тақырыбына  сурет сайысы  жарияланды, 6 қыркүйекте  сайыстың қорытындысы белгілі болды. Сайыста 2 А, 2 Б, 3 Д, 4 Д сынып оқушылары белсенділік танытты.    

« Денсаулық апталығы»  оқушылардың , мұғалімдердің, ата-аналардың қатысуымен болған ФлешМОБпен  яқталды.

Сонымен қатар мектебіміздің 100 оқушысы және 10 мұғалімі қалалық  «Денсаулық фестивалі» атты іс-шараға  қатысты.