Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Құстарға қыста азық бер!
04-03-2017 16:04
Құстарға  қыста азық  бер!

Құстарға  қыста азық  бер!

Қанатын  самғап  жан-жақтан,

Ұмтылар  саған жан-жақтан 

ХХ ғасырдың белгілі орыс ақыны А.Яшиннің өлеңі осы жолдардан басталады.Сол уақыттан бері адамзат өмірінде көп  нәрсе  өзгерді, бірақ құстар бұрынғыдай қысқы уақыттыа біздің қамқорлығымызды қажет етеді,әсіресе аязды күндері.Оқу  сабақтарында осы  өлеңді оқыған 2 А  сынып оқушылары қанатты достарға қалай да көмек беру туралы шешім қабылдады.Еңбекке баулу сабақтарының бірінде балалар өз қолдарымен  аспалы  жем беретін ұяшық жасап,оның ішіне дәндермен желатин қоспаларынан тұратын азық  қойды. Балалар өз ұяшықтарын қайда қоюды көп ойланған жоқ.Әрине олар ұяшықтарды мектеп ауласына немесе өз үйлерінің маңайына қояды.Құстарды үнемі тамақтандырып отыру  үшін  ұяшықтарды жақын жерге орналастыру керек екендігін түсінді.Сол себепті  ұяшықтарды ағаштарға, әрі өз кабинеттерінің  терезесінің алдына қойды.Олай қойған себебі ұяшыққа қандай құстар ұшып келетінін ,әрі  олардың қандай жем жейтінін білу үшін.Мысалы: күнбағыс дәндері, жүгері немесе құстарға арналған арнайы азық.Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін құстардың балаларға дән риза екені анық болды.Бұған дәлел құстар азықтың дайындалу тәсіліне қарамастан  балалар ұсынған азықты қабыл алды.Біз балалармен  құстарды  көктем басталғанға дейін осылай тамақтандырып отырамыз деп шешім қабылдадық.Біздің көмегіміз арқылы құстар аязды қысты еш қиындықсыз  өткізеді деп үміттенеміз.

2 «А» сынып жетекшісі Цымбал  О.В.