«Ұшқыр ой мен шешен тіл»
22-қыркүйек тілдер күніне орай қыркүйектің 15күні 5-6 қазақ сыныптары арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл»атты сайыс өтті.Сайыс 5 кезеңнен құралды.Оқушылар қазақ тілінен білімдерінің терең екендігін көрсетті.Мақал-мәтелдерді жалғастырып, шапшаңдықтарын көрсетті.Тұрақты сөз тіркестерінің жалғасын тауып, мағынасын ашты.Мақал-мәтелдерді ыммен жасырып, шешуін тауып, шығармашылықтарын көрсетті.Сайыс"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысымен аяқталды.Жеңімпаз боп 5 «Г»сынып оқушылары,яғни «Тұлпар»тобы марапатталды.ІІ орынды «Сұңқар» тобы иеленді.Мәнерлеп оқу кезеңінде 6 «Г»сынып оқушысы Ғалымбек Айбек жеңімпаз атанды.Сайыс өте тартымды,қызықты өтті.Сайыс қазақ тілі мұғалімдері Омарова А.Е. мен Талипова Г.Е.жетекшілігімен өтті.