Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Отбасы дәстүлері
10-12-2017 16:58
Отбасы дәстүлері

Өз –өзін тану сабақтарында біз адамгершілік құндылықтары жөнінде жиі әңгімелесеміз. Әр ұлттың отбасысы өзіндік дәстүріне байланысты тәрбиелейді. «дәстүр» деген сөздің өзін – латын тілінен аударғанда «аманат ету, беру» деге мағынада.Дәстүр сөзінің өзінде отбасылық дәстүрді аманат етіп, бір біріне беру, қалдыру ұғымы жайында айтылған. Осыған қарап айтуға болады: әр ұлт өзіндік дәстүрлер негізінде бала дүниеге келгенен бастап, балаларын отау құрғанша өз отбасынын дәстүрін білгенін жасап, үйретеді.
Өз отбасылық дәстүрлері туралы 4 «Б» сынып оқушылары да әңгіме құрды.
Акжан Бисимбай: Біздің отбасымсыз үлкен және тату. Менің екі атам және үш әжем бар. Бауырларым, сіңлілерім де көп. Отбасымызда дәстүрлі мерекелерді тойлауға жақсы көреміз және ерекше күндер де болады. Мысалы, әр жексенбі күні біз атам мен апамның үйінде үлкен дастархан басында жиналамыз. Ал сенбі күндері әдетте кино немесе мұз айдынына баруды дәстүрге айналдырдық.
Туған күн, мереке күндері, жаңа жыл , әрине, ерекше болады, бір –бірімізге сыйлықтар жасаймыз.
Тағы бір отбасылық дәстүріміз – жылда жазғы демалыста Баянауылға демалуға барамыз. Әрине, осындай дәстүрлер көп, бірақ ең бастысы - татулық пен сыйластықта өмір сүру.
Лейсан Габдуллина: Біздің отбасымызда бірнеше дәстүрлер сақталған. Мен біреуі туралы айтып берсем. Демалыс күндері анашым бізді күлше иісімен оятады. Дәмді күлше иісін ести сала ас бөлмеге асығамыз. Күлшені анамыз әр түрлі дәмді қоспаларға орап, үстінен қаймақ немесе тосапты құйып, алдымызға қояды. Бәріміз шай ішеміз! Осылай, көңілді күймен демалысымыз басталады.
Алексей Катышев: Біздің отбасымызда төрт адам : әкем, анам, інім және мен. Отбасымыз үлкен болмаса да, өз дәстүрлеріне толы. Жексенбі күні бәріміз жабылып, ерекше бір тағам дайындаймыз. Тағамымыз дайын болғасын, дастархан басында өткен аптада қандай істер атқарылғаны туралы әңгімелесеміз. Әр жұма күні атам мен әжеме барамыз. Ал жазда ауылдағы туыстарымызға барып, демаламыз. Жаңа жыл мерекесін әрқашан отбасымызбен бірге қарсы аламыз: шамшырақтарды жағып, тілектертілейміз. Болашақта мен осы дәстүрлерді өз отбасымда жалғастырамын.
Сынып жетекшісі : Шакенова Л.Е.