Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа жылдық ғажайыптар
31-12-2017 01:33
Жаңа жылдық ғажайыптар

Мектеп жаңа жыл қарсаңындағы қызу қарбаласта.Бастауыш сынып оқушылары қысқы орманның кейпін құрды.Аяз Атаның шеберханасы да қызу іске кіріскен. Бастауыш сынып оқушыларының керемет жұмыстары өздерінің ерекшеліктерімен таңқалдырады. Олар пластиктен, қағаздан, жаңа жылдық бұйымдардан жасалынған, кестеленген. Мектептің алдыңғы жағында жаңа жылдық нышанымен шырша қойылған. Шыршада шамдар, қаршықтар, шарлар жарқырайды. Құстар мен жануарлар тіріліп кеткендей.

2 сынып оқушылары Аяз атаға жазған шыңайы хаттарымен біздің жүрегімізді тебірентті. Балалар өздеріне ойыншық қана сұрап қоймай, барлық адамзат үшін бейбітшілік пен бақыт туралы тілектерін білдірді. Жас суретшілер Аяз ата міндетті түрде барлық тілектерін орындау үшін өз жұмыстарын ашық суреттер , аппликациялармен безендірді. Конверттердің ішінен керемет тілектерді алып шығуға мүмкін болды.

7 сынып оқушылары Жаңа жылдық ертеңгілік кезіндегі қауіпсіздікке қамқор болды. Олар отпен, электр тоғымен жұмыс істеу ережелерін ескертіп, қысқы қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз етті.

Балалар мен үлкендер қысқы ертегі қойылымын қойды. Барлық мектеп қаршықтарға батып кеткендей болды. Біздің барлығымыз жаңа жылдық таңғажайыптарды күтудеміз.
Желтоқсанның 27-28-і күндері мектепте Жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті. Ашық реңді персонаждар, конкурстар, әндер, балалар мен ата-аналарда оң көзқарасты қалыптастырды. Мұғалімдердің актерлік тобына, орны ерекше режиссеріміз Татьяна Петровна Огурцоваға мол алғысымызды білдіреміз. Технология мұғалімдері Қарлығаш Кушеровна мен Алла Викторовна керемет костюмдер мен таңқаларлық шырша ойыншықтарын жасады. Музыка мұғалімі мен мектеп хореографының арқасында мектепте мерекелік атмосфера орын алды. Бізді ерекше биімен қуанышқа бөлеген 4 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі З.А. Рушановаға жеке алғысымызды білдіреміз.
Жаңа жылдарыңызбен! Барлықтарыңызға қуаныш, денсаулық, мол игілік тілейміз.
Диретордың ТЖ бойынша орынбасары Б.С. Смаилова.