Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаңа жылдық саяхат
08-01-2018 23:37
Жаңа жылдық саяхат

Қысқы демалыста 4 «В» сынып ата –аналары балалардың естерінде қалатын жаңа жылға арналған автобуспен саяхат сыйлады. Бұл саяхат «Ізденімпаздар» деп аталды. Балалар Соня, Молчун, Весельчак деген ергежейлермен қаламыздың әр түрлі жерлерінде болды. Ю.Гагарин саябағында балалар сиқырлы қазынаны табу керек болды. Ағаштар мен бұтақтардың арасынан іздеп, қазынаны тауып алып, қуанды. Шаршағандарына қарамастан, саяхатты жалғастырды. Ж.Аймауытов атындағы драмтеатрының алаңында балалар тағы бір сайысқа қатысты . Бұл жолы мұздан жасалған туфлиды табу керек болды. Қызығушылықпен балалар бұл сайыстың да мәресіне жетті. Келесі аялдаманы Усолка ауданының шаңғы базасында жасады. Қарлы лабиринттармен жүре бере, балалар үлкен алаңға жетті. Мұнда да тосын сый ! Балалар мандариндар сыйлығына ие болды және фотоға түсті. Келесі аялдама – «Колос» театры. Балалар қысқы ғажайып ертегіні тамашалады, Аяз Атадан жаңа жылдың сыйлықтарын алды.
Саяхат балаларға өте ұнады, бәрі көңілді, қуанышты болды. Осындай саяхатты ұйымдастырған ата –аналарымызға мың алғыс!!!
Сынып жетекшісі Б. К. Урманшинова