Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми жобалары мектепішілік туры
17-01-2018 12:40
Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми жобалары мектепішілік туры

  Қаңтар айында біздің мектепте бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын қорғаудың мектептік туры өтті. Оған 1Б, 2Б, 2Г, 3А, 3Б, 4А, 4Б, 4В сынып оқушылары қатысты. Мектептік конкурсқа қатысушылардың зерттеу нысаны болып табиғат, өнер әлемі, тілі білімі ғылымы болды. Оқушылар әртүрлі бағыттар бойынша қызықты жұмыстарын көрсетіп, қазылар алқасын өздерінің хабардар болуымен, дайындығымен таңқалдырды. Қазылар алқасы назарына 15 жұмыс ұсынылды. Балалар жас ғалымдар ролінде болып, ақпарат жинап, оны талдап, болжаулар жасап, қорытынды жасады.Конкурсқа қатысқандардың көбі өз теорияларын тәжірибелерімен дәлелдеп, өз шығармашылығын көрсете білді. Осы жұмыстардың ішінен маңыздылығымен, тереңділігімен ерекшеленетін жұмыстарды таңдау керек болды.Іріктеу нәтижесінде 12 жоба дәстүр бойынша көктемгі демалыстың соңғы күндерінде өтетін шығармашылық және зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсына өтті. Жас зерттеушілер , біз сендерге сәттілік тілейміз!!!
                                                                 Цымбал О.В.