Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қызықты кездесу
20-02-2018 12:28
Қызықты кездесу

№10 кітапханада қазақ халқының рухани мұрасына арналған «Тарихтың асыл жолы» атты іс-шара өткізілді. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тұсында өткізіліп, Павлодар облысының 80-жылдығына арналды. Бесінші сынып оқушылары «мәдени мұра» не екенін танып, «Мәдение мұра» бағдарламасы бойынша кітаптармен танысты да, біздің Қазақстан мәдени жерлері туралы бейнеролик көрді. Іс-шарада оқушылар танымал ақын Елена Валентиновна Вайбертпен тікелей сұхбаттасты.
   Елена Валентиновна Вайберт Барнаул қаласында туған. Дегенмен, оның бүкіл өмірі Павлодар қаласында өтті. Ақыннығ әкесі әрі ақын, әрі тілші болған, анасы –ұстаз. Ол бүкіл адамдар бір-біріне ақылды және қызықты нәрселерді айту керек , көп жазып, өлеңдеп сөйлеу керек деген ойда болатын. Білімі бойынша Елена Валентиновна –филолог, бірнеше жыл мектепте істеген. Бірақ өмірінің көбін журналистикамен айналысады, облыстық радиода авторлық хабар жүргізеді. Сонымен қатар сценарийлер жазып, жарнамамен шұғылданады. Әрине де, балаларға, ересектерге арналған керемет өлеңдер жазады. Бала туралы тақырыбы танымал ақынның шығармашылығында тегінен тек пайда болған жоқ, ол өзі - сүйетін ана, мейірімді әже. «Сынок» атты өлеңінде ол ананың балаларына деген нағыз махаббатын көрсетті.
«Сынок» өлеңінен басқа ақынның «Саша Пушкин», «Бах», «Солнечные зайчики», «Нотная семейка», «Игрушки моего детства» ,т.б. өлеңдерін тыңдаушылар назарына ұсынылды.
Оқушылармен кездесуін Елена Вайберт газет, қағаз, шарикті қалам тарихы туралы көңілді, өте танымдық ойынмен аяқтады.
Елена Вайберт поэзиясы туралы мәліметті Proza.kz сайтынан табуға болады; оның шығармаларымен кең танысып, басқа да ақындар, жазушылар туралы ақпарат аласыңдар.

17 ЖОББСОБМ 11 сынып оқушысы Адель Абишева