"Polyglot" сайысы
Бүгін 12/04/2018 шет тілдері апталығы қарсанында 13.30-да 21 кабинетте 8г және 9г сыныптары арасында "Polyglot" сайысы өтті. Балалар Англия, Америка және Қазақстан тарихына байланысты барлық сұрақтарға белсене жауап берді. Оқушылар 3 тілді меңгергенін мақал-мәтелдер сайысында көрсетті . Ағылшын тілі грамматикасына байланысты қызықты тапсырмалар болды.
Үш елдің нышандары мен ұрандары бар слайдтар көрсетілді. Байқау соңында 8 г сынып оқушылары аздаған айырмашылығымен жеңіске жетті. Жеңімпаздарды құттықтап, жарыс қатысушыларына ризашылығымызды білдіреміз!