Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Әр ескерткіштің өзінің тарихы бар »атты жоба
21-06-2018 14:47
  «Әр ескерткіштің  өзінің тарихы бар »атты жоба

          Павлодар қаласы №17 ЖОББСОБМ «Ертіс өлкетанушылар» жазғы бағдарлы тобынын ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Өлкетану» бағыты бойынша Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші қасында іс-шара өткіздік.
       Павлодар қалалық білім бөлімі «Әр көшенің өз тарихы бар» және «Әр ескерткіштің өзінің тарихы бар» атты жобаларға мұрындық болған еді.Біздің топ «Әр ескерткіштің өзінің тарихы бар »атты жобаға мектепке жақын орналасқан Жүсіпбек Аймауытов ескерткішін таңдап алдық. Жоба барысында оқушылар сегіз қырлы, бір сырлы ұлы тұлға Жүсіпбек Аймауытов туралы жан-жақты мәліметтер жинастырды.Іс-шара кезінде Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолы , тағдыры, шығармашылығымен танысты. Оқушылар «Әнші» әңгімесінен үзінді көріністі сахналап , өлеңдерін мәңерлеп оқыды.Бұл іс-шара тек мектеп деңгейінде ғана емес сол жердегі ескерткіш орналасқан мөлтек аудан тұрғындары келіп тамашалады.Яғни бұл шара әркім өзінің туған жері мен көшесінің тарихын білуі азаматтық парызы екендігін түсінді деп ойлаймыз.
     Рухани жаңғыру рубрикасы шығармашылық табыстарға жетудің бір баспалдағы екенін дәлелдеді. «Ертіс өлкетанушылар» жазғы бағдарлы тобы өзінің туған өлкесі жайлы тарихи-өлкетану білімін тереңдетіп, сауықтыру мақсатына жетті деп ойлаймын. Осы сәтті пайдаланып, «Ертіс өлкетанушылар» тобының оқушыларына және ата-аналарыңа алғыс айтқым келеді.

«Ертіс өлкетанушылар» жазғы бағдарлы тобынын жетекшісі:Хажихан Баршагүл