Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Өз қолыңмен Қуыршақ театрын құрастыр» жобасы
22-06-2018 16:17
«Өз қолыңмен  Қуыршақ театрын құрастыр» жобасы

21 маусымында № 17 орта мектептің мәжіліс залында «Күншуақ» мектепішілік лагерьдің тәрбиеленушілеріне арналған «Алдар Көсе» атты спектакль өтеді. Бұл спектакль «Өз қолыңмен қуыршақ театрын құрастыр» жобасының жүргізген үлкен де ауқымды жұмыснының қорытындысы. Бұл жобаның негізгі мақсаты - қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлердің бейнесін өз қолымен жасап шығару.
          Жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен оқушылар қуыршақ театрының шығу тарихымен танысты, қуыршақтардың сан-алуан түрімен танысты, сонымен қатар жетекшілерімен бірге келешекте қойылатын ертегілерді анықтады. Жобадағы оқушылар бірнеше топқа бөлініп жұмыс жасады. Бірінші топ ертегі сценариін жазумен айналысса, екінші топ кейіпкерлердің костюмдерін даярлаумен айналысты. Сценарий жазуда екі тілділік сақталатынын ескеріп отырды. Бұл үшін оқушылар алдымен қазақ халқының киім кию мәдениетін толықтай зерттеді, әйелдер мен ер адамдар киімін, өзгешеліктері мен әшекейлері, күнделікті тұрмысқа ыңғайлығы туралы көптеген мәліметтер жинады.
Келесі жұмыс кезеңі қуыршақтарды жасауға арналды. Оқушалармен ойласа отырып, қолғап қуыршағын жасау ұйғарылды. Бұл жұмыспен жобадағы үшінші топ айналысты. Қалған оқушылар жарнамамен, құлақтандырумен, декорациямен айналысты.
Жобада жүргізілген жұмыс түрлері оқушыларды қазақ халқының мәдениеті,салты, тұрмысымен, тілімен жақын танысып білуге итермелейді. Қазақша сөйлей білумен қатар қазақ халқының ауыз әдебиетімен де етене танысады. Тағы айта кетерлік жайт, бұл жоба оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, актерлік қабілеттерін аша түседі.