Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Экскурс сия
22-10-2018 08:06
Экскурс сия

Бірінші сынып оқушыларының мектеп кітапханасына саяхаты
«Бұл жерге балалар әлемдегінің барлығын білуге келеді»

№17 ЖООБМ–нде 16 қазан күні бірінші сынып оқушылары үшін кітапханаға өте қызық саяхат өткізілд. Мектеп кітапханашысы Күлянда Нұртайқызы Сулейменова мектеп кітапанасында жұмыс істеу және кітапты қолдану ережелерімен таныстырды Бірінші сынып оқушлары кітаптың адамзат үшін ғажайып әлемге жол ашатын ірі құндылық екенін түсінді. Кітап адамның сөздік қорын байытып қана қоймай, ойлау, түсіну қабілеттерін дамытып, қиын жағдайдан, тығырықтан шығар жолды да көрсетеді.
Күләнда Нұртайқызы: «Кітапхана-кітаптар мекені. Бұл жерде өзара балалар мен сіздердің адал достарыңыз кітаптар достасады» - деді.
Кітапханада кітаптар, газеттер, журналдар, оқулықтар көп. Олар кітап қоры деп аталады. Біздің кітапханада үш бөлім бар . Олар: абонемент, оқу залы, сақтау орны. Кітаптар әлемінде сіздерге бағдарды кітапханашы және нұсқаулықтар, сілтемелер береді. Кітапханада әртүрлі кітаптар табуға болады.
Кітапханаш әр балаға формуляр бастап, балаларға үйде оқуға кітаптар берді.
Саяхат барысында балаларды ертегілер, энциклопедиялар қызықтырды. Олар өзара пікірлерімен алмасты. Саяхат соңында әр бала кітапхана ережелері берілген жадынама алды. Біздің бірінші сынып оқушылары жақсы оқырман болады деп үміттенеміз.
1 «А» сынып жетекшісі З.А.Рушанова