Құстар-біздің досымыз
Павлодар қаласының №17ЖОББСОБМ оқушылары «Экобоом» табиғатты қорғау науқынының өткізу шарасына белсенді қатысты. 5 «Г» сынып оқушылары, яғни менің сыныптастарым бұл іс-шараға ерекше ықыласпен кірісті. Оның белгісі ретінде сыныптағы оқушылардың бәрі де құстарға арналған ұялар мен құстарды тамақтандыратын үйшіктерді даярлап әкелді. Қыстың қатты аяздарында тамақ табу қиынға соғатын ауа райында достарымыз-құстардың аш қалып қоймауының қамын жасап, дайындаған ұялары мен үйшіктерді мектеп ауласындағы ағаштарға орналастырдық. Үйшіктер мен ұяларды сәндеп, әрлеп, ашық түсті бояулармен бояп, көз тартарлық әдемі де әсем етіп жасадық. Достарым бұл жұмысқа бар қабілеттерін салып, қиялдарына қанат бітіріп, эстетикалық тартымды, жаңаша ұялар мен үйшіктер даярлапты. Бұл жұмысты орындау кезінде әр баланың отбасы да өз қолтаңбаларын қалдырды деп ойлаймын. Әркімге ата-анасы көмектесіп, ақыл, кеңес беріп, ортақтасып жасадық. Бұл шара тек балалар үшін ғана емес, ата-аналар үшін де маңызды болды. Өткен іс-шара менің достарыма табиғатқа, қоршаған ортаға басқаша көзқараспен қарауды, табиғатты аялап, қамқорлық көрсетуді үйретті деп ойлаймын. Құстардың қыста суық жерде қалатыны жайында ешқашан ойлап көрмеген балаға бұл ұяшықтар мен үйшіктер, расында үлкен ой салады. Бұл іс-шараға белсене қатысқан достарымды атап кеткім келеді: Акулов Әділжан, Кабулов Әкежан, Қашқарымбетов Аңсар, Кабыкеш Даулет, Әркен Ділназ, Таймақ Бекзат, Мәсәлім Абдулхарис , Қайкен Ерсұлтан, Туғанбай Әмірхан. Бұл балаларға біздің достарымыз, құстардың атынан алғыс айтамыз.
Достар, табиғат-ана! Табиғат-ортақ үйіміз! Өзіміз өмір сүретін ортақ үйімізді аялап, қамқор болайық! Бәрімізді өсімдіктер мен жануарларды, құстар мен жәндіктерді, су мен жерді қадірлеп, қастарлеуге шақырамын.
Марат Аяла
5 «Г» сынып оқушысы
Павлодар қ. №17ЖОББСОБМ
Құстар-біздің досымыз