«Анама сыйлық!»атты бастауыш сыныбының апталығы
8 Наурыз мейрамы қарсаңында 1-11 наурыз аралығында біздің мектепте
бастауыш сыныптарының апталығы өтті.Апталық «Анама сыйлық» деп
аталды.
Мерекелік апталық шаралар,сайыстар ақ жаулық аналарымызға,әжелері-
мізге,әпке-сіңлілерімізге және де бүкіл әйел қауымына арналды.
Аталмыш шаралар қызықты,мазмұнды,нәтижелі болып өтті.
Апталық 1наурыз күні мектептің радиосы арқылы басталды.Бірінші күн-
Математика күні деп аталды.Сол күні әр сыныпта әр түрлі формада «Каль-
кулятор – менің досым» және «Біз және Математика ханшайымы» атты сы-
нып сағаты өтті.
Екінші күн-Грамматика күні деп аталды.Сол күні «Грамматика әлемінде»
және «Грамматика еліне саяхат» атты іс-шаралар болды.
Үшінші мен төртінші күн – «Қол өнері» атты шығармашылық күнінде
«Анам мен әжемнің ең үздік портреті» атты суретінің, «8 Наурыз» қабыр-
ға газетінің, «Анама сыйлық» қолөнер көрмесінің,«Мен сізге өз алғысым-
ды білдіремін атты сайыстары мен акциялары өткізілді.
Апталық аналарымызды,әжелерімізді,әпке-сіңлілерімізді құттықтау-
ымен және «Кішкентай Ару-қыз» атты сайысымен аяқталды.Соңында
барлық сайыстардың қорытындысы шығырылып,женімпаздар марапат-
талды.