13 желтоқсан 2019 жылы сағат 11.00-де СОПШДО № 17 Павлодар қаласы (Катаев 68 көшесінде) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне қарсы бірінші сынып оқушыларына араналған "Дарынды ұрпақ - ел болашағы" атты форум өткізілді.
Мақсаты - өз отанына деген сүйіспеншілігін, қазақстандық патриоттық, бейбітшілік сезімді, ұлттық келісімді, болашаққа деген жауапкершілікті тәрбиелеу, белсенді, шығармашыл, әрі мақсатқа ұмтылған, жастардың ізгілікті дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру.
Іс-шараға қатысқандар: Деймунд Виктор Георгиевич – қалалық мәслихат депутаты, Таджикова Жанар Ануарбековна –тәрбие жұмысының меңгерушісі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, еріктілер, оқу озаттары, мектеп белсенділері.
Форум бағдарламасында өз өнерлерін көрсеткен оқушылар: хор әнімен "Қазақстаным менің" вокалдық тобы әнімен "Айналдым елім". Мәнерлеп оқу, хореографиялық қойылымдар, флешмоб бірінші сынып оқушыларының қатысуымен "Жайна, Қазақстан".
Өз елінің патриоты болу - кез келген адам үшін үлкен құрмет. Патриоттық тәрбие беру, тәрбие жұмысының ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Патриоттық сезімді қалыптастыру ерте жастан бастау алады. Қоршаған әлемге, туған қаласына, көшесіне, үйіне, аға буынға деген сыйластық, халқының салт-дәстүріне , өз халқына және де отбасына деген сүйіспеншіліктің қалыптасуы.