Екі жұлдыз-2020

Мектеп өмірі бұл тек-сабақтар, бақылау жұмыстары, олимпиадалар ғана емес, сонымен қатар қызықты сайыстар. Мұғалімдер өздерін жаңа қырларынан ашыла отырып оқушының да танымдық, қызығушылық қасиеттерін ашады. Ең қызықтысы балалардың ғаламшарын ашу. Шығармашыл мұғалім «шығармашылықпен» әуестендіруі мүмкін. Біздің мектебімізде өте дарынды, талантты мұғалімдер мен оқушылар саны көп. Сондықтан дәстүрлі «Екі жүлдыз» сайысына қатысушылар саны көбейді. Мұғалімдер өздерінің өнерлерін оқушыларымен бірге орындайды. 20 шығармашыл ұжым өздерінің әр түрлі өнерлерімен таң қалдырды. Бұның ішінде ән де, би де, мәнерлеп жатқа өлең айту да болды.