Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тілім менің-тірегім
19-04-2011 11:28
Тілім менің-тірегім

            Менің ана тілім – қазақ тілі. Қазақ тілінің  мәртебесі  тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өсіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп Ата заңымызбен бекітілді. Бұл сонау желтоқсан оқиғадарынан кейін қабылданған ҚР Жоғары кеңесінің 1989 жылғы қаулысының нақты жалғасы еді. Бүгінде ана тіліміздің шұрайы мен шырайына сонау ерте замандардан – ақ шетел саяхатшылары, ғалымдары ерекше мән берген. Астанамызға көшірмесі әкелінген Күлтегін ескерткіші, Әл-Фараби еңбектері, М.Қашқари, А.Яссауи сында ғұламалардың мұраларын тани отырып, ана тіліміздің бастауы тым әріден екеніне көз жеткіземіз, мақтанамыз.

            Қазіргі күнде жастар арасында ана тіліміздің қадірін кетіріп, шұбарлап сөйлеу көптеп кездеседі. Меніңше тілді шұбарлау – арды шұбарлаумен тең секілді. Мәселен Германияға көшіп келетін немістер ең алдымен тілден емтихан тапсырады екен.  Ал біздер өз елімізде өмір сүріп жатып, тілге деген құрметсіздігімізді көрсетіп отырмыз. Бұл кешірілмес күнә. Р.Ғамзатов: «Егер туған тілім ертең болса жоғалмақ, мен өлуге даярмын бүгін-ақ» деп тілге деген құрметін керемет көрсеткен. Бұл нағыз тіл жанашырының сөзі. Халқымызбен бірге тіліміз мәңгі жасасын десек, ардақты тілімізді аялайық   дегім келеді.

 Көкеш ЕРМЕК,

9 «а» сынып оқушысы.