Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
СҮЙІНШІ!!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
14-12-2011 14:31
СҮЙІНШІ!!!   ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

* Қараша  айының  4- жұлдызында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай  С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты қалалық көркем оқу сайысында 10 «б» сынып оқушысы Тәжиева Жанар І орын иеленіп, алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Шәкіртін жыр додасына қосып, аламаннан атылып шығуында ұстазы Гүлзира Сарыбайқызының орны ерекше екендігі сөзсіз. Шәкірт пен ұстазға тек осындай шабыттылық әрқашанда жар болсын!

* Қараша  айының  16-18- жұлдызында Катаев атындағы оқушылар сарайында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Атамұра 2011» аттты көрмесі болып өтті. Осы көрмеге мектебіміздің технология пәні мұғалімдері оқушыларымен қатынасып «Кесте» номинациясымен Болатбек Ақбота 2 дәрежелі дипломмен, Уақбай Жазира «Көркем тоқыма» номинациясында 1 дәрежелі дипломмен марапатталып республика бойынша өтетін Атамұра 2011 көрмесіне қатысатын  болды. Осы оқушыларды баптап, бәйгеге қосып отырған ұстаздары  Сайлау Уахитұлы Аменов пен Күлжазира Займолда. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп дана Абайымыз айтқандай  еңбектеріңіздің  жемісін осылайша тере беріңіздер дегіміз келеді.

*Қараша айының 12-жұлдызы күні Алматы қаласында өткізілген Республикалық «Күншуақ» фестиваль - сайысының ұлттық аспаптар  номинациясының «Қобыз» жанры бойынша 5 «б» сынып оқушысы Хайсина Дильнара қатысып ІІ орын иеленіп келді. Тал шыбықтай жоғары қарай талпынған өнерлі қызымыздың жеңісі ата-аналарына қуаныш сыйлап, ұстаздары мен мектебінің абыройын биіктен көрсете білді. Өнерің өрге өрлей берсін! Жолың даңғыл болсын деген ақ тілегімізді жолдаймыз.

* Қарашаның   5-14 аралығында облыстық классикалық шахматтан жасөспірімдер аралығында өткізілген сайыста  5 «б» сынып оқушысы Тулегенова Айдана ІІ орын иеленіп, мақтау грамотасымен марапатталды. Жеңісің жеңіске ұлассын, Айдана!!!