Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЕСЕНТАЙ ЕРБОТИН оқулары
14-12-2011 16:09
ЕСЕНТАЙ ЕРБОТИН оқулары

Қазақ балалар әдебиетінің белгілі ақыны Есентай Ерботин атын қастерлеп, шығармашылығын насихаттау мақсатында дәстүрге сай мектебімізде «Е.Ерботин оқулары» өтеді. Ақынды еске алу кешіне – көркем сөз оқу өнер сайысына  жасөспірім талапкерлер қатысты. 2-6 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушылардан 40-қа жуық оқушы қатысты.

Балалардың сүйікті ақыны Есентай Ерботин өмірдің өзінде де өте қарапайым жан болатын. Ел таныған ақындығына  сай асқақ, азааттық бейнесі бар тұлғаның бейнесі бүгінгі күнде де бізбен бірге. Оның балаларға арналған жыр жинақтары – оқырмандарының жүрегіне жақын. Жан дүниесімен балаларды сүйіп өткен ақынның шығармаларын көркем оқу оқушылар дәстүріне айналғалы бірнеше жыл болып та қалды. Біздің мектепте ұйымдастырылған «Талантты жастардың тәлімгері»  атты 2-6 сынып оқушыларынан сайыс додасына түскендер аз болған жоқ. Көркем сөз оқудың жас шеберлерінің байқауында жеңімпаздар анықталды. Олар: І орын иегерлеріЖарлығасинова Салтанат (5б), Құрмет Ахметкемал (2б), ІІ орын иегерлері Жақсылық Камила (2в), Аманбай Зарина (4а), жанатова Аида (6г), ІІІ орын иегерлері Саматов Әділ (2а), Адамова Дильназ, Зейкенов Думан(4б), Кабиденов Адель, Жұмадилов Жоламан (6б). Байқауға қатысқан белсенді оқушылар сертификатпен марапатталды.

 Шолпан Қаденқызы ИБРАЕВА, мектеп кітапханашысы.