Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ұстаз ұлағаты
02-02-2012 06:54

            Әр адам өсіп, есі кіре бастағаннан кейін дүниені танып білуге, үйренуге талпынады. Бір қызығы бұл дүниеден хабарсыз туған, оқи алмайтын, жаза алмайтын сәбиден ертеңінде, есейе келе оқымысты, ақылды, әлемді аузына қаратқан дана, ойшыл, ғалым да шығады. Осынау ақыл толықтырып, білімін шыңдау жолында ол бір адамға ерекше қарыздар екенін сезінеді.Ол- өмірінің тең жартысын білім беруге жұмсаған  ұстаз. Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкіртін өмірге баулушы, оған өмірін азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін егуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің тәжірибесімен бөлісетін жанашыры, әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды алға сүйрейтін ұстаз. Ұстаз – озық ойлы тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы. Адамды білімге, адамгершілікке, адамдыққа үйрететін адам – ұстаз. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтпақшы, тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым сондай бір тебіреніспен еске алған. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын Аристотельді, Абылай хан Төле биді, Шәкәрім Абайды, Бердақ Күнқожаны, Жамбыл Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Мен де өз ұстаздарымнан білім алам, өмірдегі жақсы,жаманды айырып,сабақ аламын.Мен оларды барынша құрметтеймін.  сыйлаймын, барлығына рахметімді айтамын. Олар бізге таза ниетпен білім береді. Жаман қылықтарымызға қарамай барынша білім алуымызға, адам болуымызға көмектеседі.Ұстаздарымның үмітін ақтауға тырысамын.

Совет ДАМИР, 8 «Б» сынып оқушысы.