Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№19 жалпы орта білім беру мектебінде «Діни экстремизм және бүгінгі қоғам» атты дөңгелек үстел өтті.
23-02-2012 13:26
№19 жалпы орта білім беру мектебінде «Діни экстремизм және бүгінгі қоғам» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар аталмыш шараға облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Кульжибаев Серік Қабыкенұлы Нұрмүбәрәк атындағы Египет ислам мәдениеті университетінің IV курс студенті Алтынбек Азамат Төлеутайұлы, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Шарапатов Ғалымжан Гаусельевич, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің мүшелері Рыспаев Дүйсенбек Турлыбекович, Сейталин Серік Шамшитович қатысты. Бұл шара ауған соғысы ардагерлерінің күнімен тұспа-тұс келді. Алдымен қонақтар сөз алды. Олар бүгінгі қоғамдағы діни мәселелерді қозғай отыра, өздерінің әкелген діни экстремизм туралы деректі фильмін көрсетті. Оқушылар өздерін толғандырған түрлі сұрақтарын қойды. Келген қонақтар барлық сұраққа жауап берді. Бұл кездесу ардагерлеріміздің 1-сынып оқушыларына балаларға арналған кітапшаларды сыйға тарту ымен аяқталды. Сонымен қатар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.