Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2012 жыл, 2-наурыз, қасиетті жұма күні Павлодар қаласының №19 орта мектебінде «Машһүр Жүсіп» ғылыми - этнографиялық мұражайының ашылу салтанаты өтті.
03-03-2012 08:07
2012 жыл, 2-наурыз, қасиетті жұма күні Павлодар қаласының  №19 орта мектебінде «Машһүр Жүсіп»  ғылыми - этнографиялық  мұражайының ашылу салтанаты өтті.

Жүргізуші:

Елім деген азаматтар басын қосқан күн бүгін

Өткен тарих  белесінен шығып жатыр үн бүгін.

Жиналыпсыз үлкен-кіші куә болып бұл күнге

Бейжай қарап тұра алмас мұндай сәтте кім-кімде.

Ұлы жанның  ұлылығын ұлықтайық ағайын!

Ашып тастап шын көңілден  құрметтің кең сарайын.

Салтанатты мәресімге төмендегідей қонақтар келді:

-                     Еліне елеулі еңбек еткен азаматымыз филология ғылымының докторы, профессор -Жүсіпов Қуандық Фазылұлы.

-                     Филология ғылымының докторы, профессор С.Торайгыров атындағы Мемлекеттік университеті Машһүртану орталығының жетекшісі -Айтмұхамет Қасымбайұлы Тұрышев.

-                     Қазақ филология ғылымының магистры Машһүртану орталығының әдіскері - Мақпал Баянқызы Аманжолова.

-                     Қазақ филологиясының магистры Машһүртану орталығының ғылыми қызметкері -Арслан Жастілекұлы Көпеев.

-                     Білім беру бөлімінің  маманы – Роза Сапарғалиқызы Досанова.

-                     Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ драма театрының директорының орынбасары  Сансызбай Нұрсияұлы Бекболатов.

-                     1999-2004 оқу жылдары аралығында мектеп директорының қызметін атқарған Фарида Рахметқызы Далабаева.

-   Мұражайға демеу көрсеткен құрметті  ата-аналарымыз атынан Райхан Сейітайқызы , Руслан Қамарұлы Мустафин.

Кеш мектеп домбырашылар оркестрі орындауындағы қазақтың  «Келіншек» күйімен ашылды.

Жүргізуші:

Мектепте думан, мереке бүгін ерекше

Мұражай жаңа  болып тұр оған себепші

Жүректен шыққан ізгі тілекпен ортада

Қуансын ұжым, қуансын қонақ демекші.

         Салтанатты кешті мектеп директоры Т.К.Нөгербаев ашып, Мәшһүр Жүсіп ілімін мектепте насихаттау жолдары туралы 2008 жылдан бастап осы бағытта атқарылып жатқан игі шаралар хақында  айтып кетті. Келген қонақтарға сөз берілді. Мәшһүртану бағытында жүргізілетін оқу-тәрбиелік , ғылыми- этнографиялық бағыттағы  іс-шаралардың даму  жоспары қарастырылды. 

Толқитын , жүрек тебірентер шақ:

         «Мәшһүр Жүсіп» ғылыми –этнографиялық мұражайының ашылу мәртебесі: филология ғылымының докторы, профессор –Жүсіпов  Қуандық Фазылұлына,  Машһүртану орталығының директоры –Айтмұқамбет Қасымбайұлына, мектеп директоры Төлеген Кәкімұлына табыс етілді.

Лента қиылып, мұражайға қонақтар кіріп келісімен :

Жүргізуші:

Қуанышқа қуаныш қосылып бір

Ал ағайын  жүректен төгілсін  жыр.

Бұлбұл-қызың ортада күміс көмей

Әннен шашу шашады себей- себей

         Мұражайдың ашылу салтанатына орай  ортамызда ПМУ магистры , Мәшһүр –Жүсіп жырларының аймақтық жеңімпазы , әнші–термеші Әсел Ботайқызы Мәшһүр Жүсіптің шығармасына жазылған термені ән-шашу ретінде көпшілікке арнады.

         Мұражай мұрағатарымен Мәшһүртанушы оқушыларымыз, 5 «б» сынып шәкірттері таныстырып кетті.

2009 жылдан бастап мектебіміз оқушылары қалалық ғылыми жоба сайысына қатысып, өздерінің дарындылықтарын таныта білді. Олар 11 сынып оқушысы Аманбай Құралай, 8 сынып оқушылары Әкімбай Гауһар, Малик Ақмарал.

 «Мәшһүр Жүсіп» шығармалары бойынша ғылыми жоба қорғаушысы, «Жас ғалым» аталымының иегері, 8 «в» сынып оқушысы Әкімбай Гауһар «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы сан есімдердің қолданылу ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жобасы туралы қонақтарға баяндап кетті.

         Мұражай ішінде дөңгелек үстел аясында қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп,  ұстаздарға ізгі тілектерін айтты. Мектеп шәкіртерінің тек биік белестерден көріне беруін, ұлыларды ұлықтау ісінде шығармашылық табыс тіледі. Осы бастаманы қолдап, мұражайдың ашылуына өзінің бар ынта-жігерін жұмсаған мектеп директоры Төлеген Кәкімұлы мен мұражай жетекшісі Қаламқас Байдуллақызы Шулбаева атына көптеген алғыстар айтылды. Салтанатты ашылу мәресімі тілек кітабына жылы лебіздер білдірумен қорытындыланды.