Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Ұраны бар елдің ұланы бар" атты мерекелік кеш
18-05-2012 08:47

«Ұраны бар елдің, ұланы бар!!!» - атты мерекелік  кеш Мамырдың маңызды жетісінде өтті. Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңісіміздің 67-жылдығына орай жасалып отырған кешке, мектебімізге қолынан келгенше  аянбай тер төгіп, білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарымыз келді. Мереке салтына байланысты құттықтау сөз кезегі мектебіміздің  директоры Т.К.Нугербаевқа ұсынылды. Сабырлы мінез директорымыз өз ыстық  лебізінде:

-«Бүгінгі күн тек, барша қазақстандық ер-азаматтарымыздың ғана емес, бүкіл әлемнің «Отан» - деп соғатын жүректі де, батыр ер-азаматтарымыздың тойлайтын күні. Әрине, бәрі де кешегі  16-17 жасында қолына қару алып, соғыстың зардабын зорынан көрген кешегі ұрпақтың, қайтсемде жеңіске жетем деген өжет мінезділігінің арқасында бүгін біз осы мерекені  тойлау үстіндеміз» - дей тұра мектепішілік концертімізге келген  «Ұлы Отан» соғысының ардагерлерін сахна төріне шақырып қуттықтай тұра, құрмет мадақ қағазымен  марапаттады. Сондай-ақ мектебіміздің ғана емес, мемлекетіміздің бетке ұстар, өз білімін өзгеден аямайтын ұстаздарымыз: Баязитов Ерзат Көкенұлы, Аменов Сайлау Уахитұлы, Аязбаев Акеш Аязбайұлы, Армиянов Тұрлыбек, Сыздыков Ахат Сыздықұлы, сонымен қатар қуттықтау сөз кезегі мектебіміздің орыс тілі мен орыс әдебиет мұғалімі Оспанова Майра Тайбулатқызына да берілді.Шындық жүректің айнасы –деп  ұстазымыз өз ізгі ниетін тілей тұра, тағы да мараппаттау кезегіне көшті. Бұл әрине біздің Рахимов Бауыржан Құсжанұлы, Марат Байдолда, Садвакасов Ерлан Қайниденұлы сондай-ақ әркез ізденіс үстінде жүретін көңілді мінез ұстазымыз Күзембай Аян Сансызбайұлы – сияқты ағаларымызды шын жүректен қуттықтап, мадақ қағазын қолдарына ұсынды. Кейінгі  сахна кезегін мектеп әншілеріміз: Курашева Айдана, Мамырова Айгүл, «Жастар»  мен қатар қалалық  деңгейде жүрген   «Қалқан» хор ұжымының орындауындағы патриоттық  әндері көрерменнің көзайымына айналып,  нұр үстіне нұр, қуаныш үстіне қуаныш қосқаны белгілі.

Юлдашев Бекжан

9 «Г» сынып оқушысы