Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2011-2012 оқу жылының аяқталуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты саптүзеу өтті.
12-06-2012 10:25
2011-2012 оқу жылының аяқталуына  арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты саптүзеу өтті.

"Сыңғырла, соңғы қоңырау" салтанатты саптүзеу...

Барша оқушылар 25 мамыр күні мектеппен бірге 1 жылды артқа қалдырып, алға жылжыды. Алда демалыс....

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, бүгінгі күнде 59 түлегіміз алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.

 11А,  сынып жетекшісі  Майра Болатқызы, түрлі қалалық сайыстың жүлдегері, шығармашыл ұстаз. Биыл бұл сыныпта 24 түлек қанат қаққалы тұр,сынып өзінің нәтижелі жетістерімен ерекше,  «Менің Отаным - Қазақстан» атты республикалық скаудт қозғалысы , «Ардақты ардагер», «Ең таңдаулы сынып жетекші» атты сайыстардың жүлдегері.

 Сынып оқушылары:

1.     Қолөнерші, мәдениетті Лаура, тәртіпті  Темирлан

2.     Ағылшын білгірі  Махаббат, КВН белсендісі Канат

3.     Ең сыпайы  Раушан, өнерлі Мәди

4.      Биші  Жанат,  Абылайхан биология  білгірі.

5.     Құралай сынып старостасы, Мәшһүр Жүсіп,облыстық ғылыми жоба жүлдегері.

6.     Маулен әнші,былғары қолғап, «Балауса» фестивалінің жүлдегері.

7.      Асемгүл олимпиада, ғылыми жоба жүлдегері,   Айдос спортшы, «Жас патриот»

8.     Мөлдір Халықаралық Сәтбаев оқуларының  жүлдегері, Бексолтан  спортшы

9.         Бағдат каратэден қара белбеу иегері,  Асия  халықаралық Сәтбаев оқуларының   қатысушысы.

10.   Зухра  Республикалық және Халықаралық   ғылыми жоба сайыстарының жеңімпазы.

11.                        Бахтияр орыс тілінен ғылыми жоба, Сәтбаев  оқуларының   белсенді қатысушысы.

12.                        Фархат математика, физика үздігі,   Айгерим сәнқой қыз.

13.                        Жас меломан Ержан, белсенді әрі биші Салтанат 

14.                       Ержан қалалық  оқулардың жеңімпазы, Нұржан техника білгірі.

 11 В-ның  16 түлегі,  сынып жетекшісі  Күләнда Нажмиденқызы  физикадан қалалық олимпиада және Ұлттық бірыңғай тестілеудің аппеляциялық мүшесі, шығармашыл ұстаз.

1.      Бауыржан кекушинкай карэтенің жеңімпазы, Амина    сынып старостасы, қалалық «Болашақ аруының» жүлдегері.

2.      Салмақты жігіт Бақытбек, Ақмарал сынып биші.

3.      Әлішер еркін күрестен облыс жүлдегері,  Ғайни  М.Мақатаев, Абай  оқулары, қазақ тілі  олимпиадасы, «Туған тіл байлығым» телешоуының жүлдегері.

4.     Асылбек көңілді оқушы, Мақпал математика білгірі.

5.     Солтанбек былғары доп жүлдегері,  Сабырлы Айсұлу Көпеев оқуларының жүлдегері..

6.      Рамазан футбол жеңімпазы, үздік қорғаушы,Аяулым  Мөлдір бұлақ сайысының жүлдегері.

7.      Самат каратэден спорт жүлдегері,  Айгерим өнерлі қыз.

8.      Ерке бала Өмірхан, күміс көмей әнші Гүлбану.
 

        1-жүргізуші:

Алдарыңызда 11б-ның  19 түлегі, жетекшісі  Айжан Жеңісқызы биология пәнінен олимпиада жүлдегері,ең үздік кабинет меңгерушісі, белсенді ұстаз, оқушылары олимпиада, ғылыми жоба жүлдегері.Бұл сынып қалалық ең таңдаулы сынып – 2008 сайысының  жүлдегері.

1.       Аңсар КВН белсендісі.

2.      Былғары қолғап жеңімпазы Дархан. Асем Алтын белгі үміткері, тарихтан қалалық олимпиада  жүлдегері, тоғызқұмалақтан  Қазақстан Республикасының жеңімпазы.

3.      Тәрбиелі  Айдана, Азамат КВН белсендісі, сынып әншісі.

4.     Әділет футболдан Қазақстан чемпионы, халықаралық турнир жеңімпазы, сынып белсендісі  Нарқыз.

5.     Құралай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мен «Жарқын болашақ»  олимпиадасының  жүлдегері, қалалық  Абай, Қалижан Бекқожин оқуларының жеңімпазы, қызыл аттестат үміткері,  Сұңғат спортшы,олимпиада жүлдегері.

6.      Сынып белсендісі  Арман,  Бибігүл қалалық оқудың жүлдегері, қызыл аттестат үміткері.

7.      Айнұр қалалық Мәшһүр Жүсіп,Қожа Ахмет Яссауи оқуларының жеңімпазы, қызыл аттестат үміткері,  Санат футболдан республика жеңімпазы.

8.      Спортшы Дархан,  байсалды Самал

9.     Сынып белсенді Мадина ,Салмақты Құрманғали.

10.  Сабырлы Сақымзада, Инабаты Ақмарал

Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі  – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:

1.     Дуғалов Асылбек Нәжімиденұлы қалалық мәслихаттың депутаты

2.     Қасқырбаев Рахметула Макенұлы қалалық спорт және дене тәрбиесі бөлімінің бастығы құттықтау сөз тілегін сөйледі.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Төлеген Кәкімұлы Нугербаевқа берілді.

Ән айтылып, би биленді. Үздік оқушылар шеруі өтті.

Бұл соңғы қоңырау үні...

Балалықпен қоштасу,

үлкен өмірмен қауышу үні.
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.

Мектеп түлектері музыка әуенімен саптан шықты.

Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,
Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз.

Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!