11 сыныпқа арналған соңғы қоңырау
![11 сыныпқа арналған соңғы қоңырау](/media/img/blogs/51b945d84bfc5.jpg)
Алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектеріміз 11А сыныбының жетекшісі Шынар Айтбайқызы Каппаева. Сыныпты 18 түлек аяқтады.11б сыныбының жетекшісі Айсұлу Өмірзаққызы Мейрханова. Сыныпта 19 оқушы.
11 А сынып түлектері облыстық және аймақтық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының, «Біз Қазақстанның ортақ халқы » атты сайыстың, «Жас журналистер» облыстық фестивалінің лауреаты, қалалық бард орындаушыларының лауреаттары.
11б сынып түлектері «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты сайыстың, бірнеше дүркін қалалық «Балауса» фестивалінің, республикалық «Ақбота», «Кенгуру» білім марафондарының жеңімпаздары.