Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
СҮЙІНШІ!!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
27-04-2010 18:00
СҮЙІНШІ!!!   ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Біз шәкіртерімізбен мақтанамыз

*Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісінің 65 жылдығына арналған «Даңқтың өшпес үлгісі – ерлік істің дәстүрі» атты қалалық мәнерлеп оқу байқауына қатысып, қазақ әдебиеті классиктерінің , сонымен бірге Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жерлестеріміздің шығармашылығын насихаттап, ата-бабаларымыздың ерлігіне мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпалын тигізетін шығармаларды игергені үшін 9 «б» сынып оқушысы Абдыханова Әсем ынталандыру грамотасымен марапатталды.Дайындаған ұстазы Г.С. Оңғарова.

*Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі «МАХАББАТ ЖЫРЫ» атты XI қалалық конкурстың «Поэзия» номинациясы бойынша 8 «в» сынып оқушысы Базыл Гүлзат ІІ орын , мұғалімі Қ.Б. Шулбаева, «Проза» номинациясы бойынша 9 «б» сынып оқушысы Зайнуллина

Тоғжан ІІІ орын иеленді, мұғалімі Г.С. Оңғарова. Бұл оқушылардың еңбегі ЖОО, колледждер мен мектеп оқушыларының 100-ден аса шығармашылық жұмыстары арасынан таңдап алынғанының өзі үлкен бір жетістік екенін мақтанышпен айта аламыз.

*№19 орта мектепте сәуірдің 1-жұлдызында қалалық «ІІІ Мәшһүр-Жүсіп Көпеев» оқулары өтті. Ұлы ойшылдың рухани және әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы бұл шараға қаланың 15 мектебінен үш оқушыдан 45 оқушы қатысты.

Оқу екі бағытта өтті:

1.І турда әрбір оқушы жекелей номинациялар бойынша ( І –«Білімді зерек адам болам десең, қара өзіңді басқаның айнасымен» Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығы бойынша эссе жазу, ІІ- «Бас болып өнер білген қандай жақсы» Мәшһүр-Жүсіп философиясына байланысты ғылыми зерттеу жобасын қорғау, ІІІ –«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақын өлеңдерін мәнерлеп, образға кіре оқу) өз бақтарын сынады;

2. ІІ турда «Түгел адам болуға талап қылсаң, шала-шарпы жандардансырың жасыр» атты топтық сайыста үш оқушы бірігіп, мектептерінің аттарын қорғады.

ҚББ –нің бас маманы Л.Б. Жүсіпова басқарған білімді де білікті ұстаздардан құрылған әділ қазылар бағалауы нәтижесінде бас жүлдені №35 ОМ, І орынды №19 ОМ, ІІ орынды №25 және №36 ОМ, ІІІ орынды №12 және №38 ОМ иеленсе, ынталандыру грамотасымен №2, №21, №34 орта мектептер марапатталды.Біздің мектепің атын 8 «в» сынып оқушысы Базыл Гүлзат (І номинация, ұстазы Қ.Б. Шулбаева), 9 «а» сынып оқушысы Аманбай Құралай (ІІ номинация, ұстазы Г.Е. Шаймерденова), 9 «б» сынып оқушысы Солтан Айгерім (ІІІ номинация , ұстазы Г.С. Оңғарова).Сайыстан тыс 7 «в» сынып оқушысы Құсайынова Жұмағыз ақынның оннан асық өлеңдерін орыс тілінде оқып, ынталандыру грамотасымен марапатталды. Ұстазы М.Б. Оспанова.