Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» -атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауы туралы отырыс өтті.
03-02-2014 07:11
«Қазақстан жолы – 2050:  бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» -атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын  талқылауы туралы отырыс өтті.

   «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын  талқылау мақсатында 

2014 жылғы 30 қаңтар күні  Павлодар қаласы  №19 ЖОМ  мектебінде мұғалімдер мен қызметекрлердің  қатысуымен жиналыс өтті. Қатысқандар саны-85.

        Бірінші сөз кезегін  мектеп директоры Дәулет Аманкелдіұлы Тайгулин алды. Ол Елбасымыздың жолдауында Қазақстанның алдағы жылдардағы әлеуметтік–саяси және экономикалық дамуының нақты белгіленгенін айтты.             Біздің мемлекетіміздің қойылған мақсаттарына жетуі бойынша, «Қазақстан жолы - 2050» - республикамыздың әрі қарай дамуы мен дамыған 30 елдің қатарына кіру кепілі екендігін нақты айтып өтті.

   Келесі сөз кезегін мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Байдолда Марат алды. Ол жиналғандарға Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясының маңыздылығын  атап өтті. Барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың белгілегендігін баяндады.  

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген, сондықтан басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу үшін, әрбір Қазақстан азаматы аянбай атсалысуы керектігін ескертті.

     Марат Байдолда өз баяндамасын елбасымыздың «Жүрекке жүрек, білекке білек және тілекке тілек»  қосылғанда ғана алға қойылған мақсаттар орындалатынын айта отырып қорытындылады.