Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Отаным деп соқса жүрек…
30-12-2016 02:41
Отаным деп соқса жүрек…
«Асқан алып – ата затым, сұрасаң, Асқан дана – ана затым, сұрасаң», – деп қазақтың дарынды дүлдүл ақыны Мағжан Жұмабаев жырлағандай, адам баласы қайдан шыққанына, қайда бара жатқанына ой толғаса ғана адами қасиет бой көрсете ме деген ой келеді. Адамның ерекшелігінің-артықшылығының өзі де не істеп, не қойып жүргенін ойлап, оны бір-біріне сөзбен жеткізуінде ғой. Қай тілде ойлап сөйлесең, сол ұлттық негізде іс-қимыл жасайтының хақ екені аян. «О, туған жер, сен – анамсың, мен – балаң», – деп қазақтың өлең-жырларында, қанатты сөздерінде тегін айтылмаған. «Отан оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс», «Отаным – алтын бесігім», – деген мақал-мәтелдерде де зор мағына бар. «Отан» деген сөзді әр адам, әр халық, әр ұлт өзінше түсініп, мән беріп, өмірге, қоршаған ортаға, дүниеге деген көзқарастарын қорыта келе өз орнын анықтап, келешекке жол тартады. Мен үшін «Отан» деген сөздің мағынасы дүниедегі ең асыл да ардақты, қымбат та ыстық, ой түйсігінің шырқау шыңының ұшар басындағы қасиетті ұғым.