Мектеп мұражайы-муза сарайы
Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мәшһұр Жүсіп Көпейұлына арналған ғылыми-этнографиялық мектеп мұражайы алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражайдың қалыптасуына атамыздың еңбектері және көне замандардағы заттар негіз болды. Бүгінде мектеп мұражайы -мектебіміздің рухани діңгегіне айналып отыр. Кешенді жоспар негізінде жыл бойы тәрбиеге бағытталған іс-шаралар өткізіледі 

