Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мектепте үлкен жұмыс атқарылуда. 2-ші желтоқсанда 6-7 сыныптағы оқушыларға арналған «Зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу» тақырыбындағы іс-шараға СӨСҚ орталығының бас маманы Турарова А.К. қатысты. Анар Қасымқызы балаларға дәріс оқып, бейнежазбаларды көрсетті. Шара барысында оқушылар мен қонағымыздың арасында пікіралмасу жүргізілді. Балалар тақырып бойынша сұрақтар қойып, толық жауап алды.