ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге арналған «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» республикалық акциясы аясындағы мектепішілік шаралар жоспарына сәйкес мектепте 2-ші Жұлдызды Күн өткізілді. Тақырыбы «Мемлекеттік рәміздер». Осы күнде өткізілетін іс-шаралардың барлығы ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттауға, дәріптеуге арналған. 3-ші сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында сайыс өткізілді. Сайысқа 75 бала қатысты. 1- орынға 3 «Ә» сыныбы ие болды. 5-8 сыныптардағы оқушылар арасында «Әнұраным әрқашан жүрегімде» тақырыбында мемлекеттік әнұранның мәтінін білуі бойынша сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың нәтижесінде мектеп оқушылары әнұранның мәтінін толықтай білетіні анықталды.