Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
жаппай оқыту айлығына орай «Қайырымдылық» акциясы өткізілді
28-03-2010 18:00

жаппай оқыту айлығына орай «Қайырымдылық» акциясы өткізілді

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (4 бабы, 2 бөлімі), ҚР үкіметінің 1998жылғы 28 тамызындағы қаулысында «6 -17 жас аралағындағы балалар мен жасөспірімдердің мектепке толық қамтамасыз ету » және Павлодар қаласы білім беру бөлімінің №1-181/5 бұйрығын іске асыру мақсатында 2010 жылғы 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында жалпылай оқыту айлығына орай мектепте «Қайырымдылық » акциясы жарияланды.

Оның мақсаты: отбасынан тыс қалған, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтендіру мәселелеріне тоқталып, оған заман талабына сай көмек көрсету, құқығын қорғау, өмір сүру мүмкіндігіне, әлеуметтік бейімделуіне жағдай туғызып, оған бақылау жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін біздің мектепте көп жұмыстар атқарылуда.

Мысалы, ҚР Павлодар облысы «Қызыл ай» қоғамымен тығыз байланыстамыз. Мектеп ұжымы қоғамның »Жақынына көмектес» акциясың қолдап, «Қызыл ай» қоғамының мүшесі болуға ұжым болып келісті.Мұғалімдер, мектеп жұмысшылары - барлығы 71 азамат 130 теңгеден тапсырып және де 1-11 сынып арасында бастауыш сыныптар 10 теңгеден, жоғары сыныптар-20 теңгеден мүшелікке ат салысты. Мұғалімдердің туыстары, оның ішінде Отан соғысының ардагері, Батыр ана, зейнеткерлер, студенттер және жұмыссыздар бұл акцияда белсенділік танытты. Сонымен, 25 230 теңге көлемінде біздің мектептен «Қызыл айға» көмек көрсетілді.

2009 жылдың желтоқсан айында атаған қоғам жетім, көп балалы, аз қамтамасыз отбасынан шыққан оқушылардың арасында «Әр отбасында –Жаңа жыл» атты спартакиада өткізді. Біздің мектептен 6 бала қатысып, сыйлықтар және мақтау қағаз алды . «Қызыл ай» қоғамы жаңа жылда да тыс қалмады. Мектепке 20 оқушыға тәтті сыйлық табыс етті. Ол мүгедек балаларға, аз қамтамасыз етілген, толық емес және көп балалы отбасыларға таратылды. Мектеп мұғалім дері «Қайырымдылық» акция бойынша 8г сынып оқушысы Балтабаев Д. үнемі көмек көрсетуде.Қазіргі танда осы оқушы Бурабайда сауықтыру санаторийнде емделуде. Оның жол қаражатына мектеп ұжымы 12 мың теңге жинап берді.

Жол апатына шұраған 4г сынып оқушысы Талипова Д. үшін қан тапсыруға бір адамдай атсалысқан. мұғалімдер: Н.К.Молдагельдинов, А.С.Кузембаев, С.К. Жангазинова, Д.Т. Серимбаева, А.К. Казымбетова .

Желтоқсанда 122 200 теңге көлеміндегі киім-кешекпен 21 оқушы қысқы киіммен қамтылды.Қаңтар айында 10 000 теңге көлеміндегі қайырымдылық көмегін ұстаздар Б.Г. Суханкулова, Серимбаева Д. Т. және мектеп түлегі Серимбаева Дәрия тарапынан берілді.

Мектепте тубвиражды,тубинфекциялық 144 оқушыға; жетім 7 оқушыға және жатақханада тұратын 15 оқушыға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Атап айтсақ: желтоқсан айында 56 оқушы 93.250 теңгеге тамақтанды. Қаңтар айында 58 оқушы 40 260 теңгеге. Жалгер арқылы 10 бала ай сайын тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Жаппай оқыту қорынан қаржысы бойынша қазанда- 125 мың теңгеге 27 оқушы; қараша-125 мың теңгеге 20 оқушы киіммен қамтылса, 50 оқушы 53 мың теңгеге кеңсе тауарларымен қамтылды.