Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ешкім, ешқашанда ұмытылмайды»
28-03-2010 18:00
«Ешкім, ешқашанда ұмытылмайды»

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 65 ЖЫЛ

«Ешкім, ешқашанда ұмытылмайды»

Ұлы жеңіс жолында жанын қиған ержүрек жауынгерлер мен ҰОС ардагерлеріне деген құрметті арттыру және олардың есімдерін ардақтау арқылы патриотты рухы биік азаматтарды тәрбиелеу мақсатында

ақпан айының 26 жұлдызында Павлодар қаласы мектептері арасында «Ешкім, ешқашанда ұмытылмайды» атты әскери-патриоттық ән сайысы өтті.

Сайыстың тәртібі мен шарттарына сәйкес әр мектептен екі музыкалық номер фонограммасыз, таза дауыста баян немесе музыкалық аспаптың қолдауымен, түрлі жанрлар бойынша (ән, би, өлеңді мәнерлеп оқу т.с.с) қабылданды. Сайысқа қатысу үшін жалпы саны 25 орта мектептен сұраныс хаттары ақпан айының 20-жұлдызына дейін №19 жалпы орта білім беру мектебіне тапсырылды. Дайындалып келген музыкалық номерлер әділ қазылар тарапынан төмендегі жүйе бойынша бағаланып, мақтау қағаздар және сыйлықтармен марапатталды-Ән тақырыбының тақырыпқа сай болуы – 10 ұпай

-Әннің талапқа сай орындалуы -10 ұпай

-Орындаушылардың сырт келбеті -10 ұпай

Қазылар алқасында «НҰР-ОТАН» ХДП-ның өкілі А.Ж.Искакова, Павлодар қаласы Қорғаныс істер басқармасының майоры Н.Ж.Наурызбеков, ҚББ-нің бас маманы Задубняк Л.В., ҚББ-нің АӘД және дене шынықтыру пәндері бойынша бас маманы Қ.С.Раисов секілді қадірлі қонақтар болды.

Сонымен қатар ел үшін от кешіп, жасымас жігер, қаһармандық танытқан ардагерлерімізден Қантай Әмірханқызы Елубаева, Қасанша Согумбайұлы Согумбаев сахна төрінің құрметті қонағы болып, өскелең ұрпақ үшін олардың тұлғасы Жеңістің қаһармандық белгісіндей есте қалды.

Ардагерлерімізді мектеп директоры Баян Ғайсанқызы Жеңістің мерейлі тойымен құттықтап, естелік сыйлықтар тапсырды. Сонымен қатар оларға «НҰР-ОТАН» ХДП-сы тарапынан да үлкен қошемет көрсетілді. «Ұлы жеңіске 65 жыл» тақырыбында АӘД мұғалімі А.С. Сыздыков баяндама жасады.

«Ешкім, ешқашанда ұмытылмайды» атты әскери-патриоттық ән сайысы мектептің «Қалқан» үйірмесі орындауында Д.Әбіловтің «Отан» әнімен ашылды. Жалпы саны елуге жуық патриоттық әндер орындалды. Кеш мектептің өнерлі жастарының концертімен қорытындыланды.

Әскери-патриоттық әндер сайысының қорытындысы ҚББ тарапынан бағалануы нәтижесінде І орынды №26 мектеп, ІІ орынды №36 және №21 мектеп, ІІІ орынды №43, №1, №9 орта мектептер иеленсе, «НҰР-ОТАН» ХДП-сы өкілдері бағалауы нәтижесінде І дәрежелі дипломмен №21 ОМ, ІІ дәрежелі дипломмен №19 ОМ, ІІІ дәрежелі дипломмен №43 ОМ марапатталды және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Біз білеміз бұл соғыстың салмағын,

Көре аламыз батырлардың арманын.

Ұрпағына үлгі етіп оларды

Біздің халық қастерлеген ардағын,-

«Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес». Бұл сөздің астарындағы мағына өткенге емес, болашаққа арналған. Халқы үшін қан төккен қаһармандарымыздың асқақ рухы мәңгі сақталады.

Қаламқас Байдуллақызы ШУЛБАЕВА, Директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары.