Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сыңғырла соңғы қоңырау!
30-05-2010 18:00
Сыңғырла соңғы қоңырау!

Павлодар қаласында №19 жалпы орта білім беру мектебінде мамырдың 25 күні сағат 10.00-де салтанатты түрде соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырауға қалалық әкімшіліктің өкілі, білім беру бөлімінің бас маманы қатысты. Осы күні төгілген күн сәулесі күлімдеп №19 жалпы білім беретін орта мектептердің алдындағы мерекелік алаңына жиналған оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, 11 сынып бітіргелі отырған түлектер қонақтарды қарсы алды.

Барлық мектептерде мемлекетіміздің көк жалауы желбіреп көтеріліп, әнұраны шырқалып, оқушылардың мәнерлеп оқыған өлеңдеріне толды.

Құттықтау сөздерден кейін өз кезектерін тосып тұрған түлектер 11 жыл бойы білім нәрін алған мектептерімен қоштасып, ұстаздарына мол алғыстарын жолдады. Өз кезектерін тосып тұрған мектеп директорлары, мерекеге арнайы шақырылған еңбек ардагерлері, білім саласындағы зейнеткер ұстаздар да құттықтаулар жолдады.

2010 жылы мектеп табалдырығынан аттағалы отырған түлектерге арналған соңғы қоңырау соғылды. Алдағы үлкен сынақ- ҰБТ-ді жоғарғы нәтижеде тапсыруға тілек білдірді.

Табиғаттың осындай шуақты күнінде төгілген күн сәулесі, соғылған қоңырау үні оқушыларға еңселі Қазақстанымыздың білімді азаматы, бүлдіршіндерге сәт сапар тілеп күлімдейтін сияқты.

Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,

Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.

«Сәт сапар» -деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін.

Мектеп әкімшілігі.