"Мектеп тазалығын сақтауда сенбіліктің орны зор"
Жыл мезгілі ауысып шуағын төккен көктем мезгілі жеткенде қалада бүкілқалалық сенбіліктер ұйымдастырылып, қала қауымын еңбекке ортақтастыратыны баршамызға мәлім.
Дәл осындай сенбілік біздің мектепте тұрақты түрде өткізіледі.Мұғалімдер, оқушылар екі қолға күрек ұстап, білек сыбана мектеп аумағын қоқыстан тазалап, жайқалған теректер өскен топырақты қопсытуды әдетке айналдырып жүр. «Еңбек түбі-береке», «Еңбек етсең емерсің» деген мақалды жадынан шығармайтын №19 мектептің ұжымы осы атаулы шараларға қатысуын әрі қарай да жалғастырмақ ниетте.