Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№19 ЖОББМ-і бойынша «Ақ көгершін» сауықтыру лагерінің анықтамасы
06-09-2010 18:00

№19 ЖОББМ-і бойынша «Ақ көгершін» сауықтыру лагерінің анықтамасы

«Ақ көгершін» сауықтыру лагері 28 мамыр мен 15 маусым аралығында, оқушылардың адамгершілік қабілетін эстетикалық жағынан жеке дара тұлға ретінде дамыту арқылы ұлттық мәдениет негізін, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өтті. Лагерьде 8 топ, 8 ойын бөлмесі, 4 ұйқыбөлмесі ашылды. 1-топ «Қарлығаштар», тәрбиешілері: Камашева Г.А., Кайыргожина Д.Қ. (26 бала), 2-топ «Балдырған» тобының тәрбиешілері Жакупбаева Г.Ө., Шаханова Д.Ж. (25 бала), 3-топ «Бүлдіршіндер» тобы, тәрбиешілері: Нұрпейісова А.Н., Амренова Б.М. (24 бала), 4-топ «Жауөазын» тобы, тәрбиешілеріАубакирова З.З., Молдабекова М.А.. (18 бала), 5-топ «Бүлдірген мен күлдірген» тобы, тәрбиешілері: Абдрахманова Г.К., Бегалина М.М. (18 бала), 6-топ «Шағала» тобы, тәрбиешілері: Масалимова Г.Т., Арынова Д.К. (19 бала), 7-топ «Достық» тобы, тәрбиешілері; Нуржакипова О.М., Танхай А. (16 бала), 8-топ «Атамекен» тобы, тәрбиешілері: Адильбекова А.М., Мейірханова А.Ө., (19 бала). Және те «Даярлық» тобына16 бала қатысты, мұғалімі Адамбаева С.С.,, оқушылардың сауатын ашып, оқуға, білімге үйрете білді. Дене тәрбиесінің жееткшісі: Молдагельдинов Н.Қ., Оспанов А.Н., Музыка жетекшісі: Армияноы Т.У., Хореограф Мұсабаева Ж.Е., кітапханашы: Ибраева Ш.К., информатика үйірмесінің жетекшісі: Ахметкалиева А.Қ. оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тиімді мазмұнды шаралар өткізді.

Жалпы лагерге 169 оқушылар қамтылды, оның 44 аз қамтылған отбасынан (оның ішінде 4-еуі жетім бала).

Лагерьдің салтанатты ашылу кұніне мультфильм кейіпкерлері балаларды ойнатып, олармен би билеп, суретке түсіп, көңілдерін көтерді. Шараға барлық топтар қатысты.

«Бүлдіршіндер» тобы «Бұхар жырау» мұражайына барып М.Жаманбалиевтің өмірбаянымен танысты. «Бүлдірген мен күлдірген», «Шағала», «Атамекен», «Жауқазын» мен «Бүлдіршін» тобы Орталық жағажайға барып «Европа күні» атты мерекелік шараға ұатаысып, оқушылар шет елдіктерден естелік сыйлықтар алды. «Достық» тобы «Көңілді старт» сайысына қатаысып, уақыттарын қызықты өткізді. «Балдырған тобы теледидардан мультфильм көрді.

«Қарлығаштар» мен «Балдырған» тобы «Бұхар жырау» мұражайына барып М.Жаманбалиевтің өмірбаянымен танысты, түстен кейін асфальтқа сурет салды, оқушылар қызығушылықпен сурет сала білді. «Бүлдірген мен күлдірген», «Атамекен» тобы спорттық жарысқа қатысып, әр түрлі эстафеталық ойындар ойнады. «Жауқазын» мен «Бүлдіршін» топтары арасында «1001мақал, 101 жұмбақ» сайысын Амренова Б.У.мен Нұрпейісова А.Н. қызықты өткізді, сайысқа Ахмет Али, мен Исабаева Аида белсенді қатысып, сыйлық грамотасына ие болды. «Достық» тобы»Ән көңілдің ажары» аттты сайысын ұйымдастырып, оқушылардың әнге деген құмаршылығын анықтады.

«Әлемдік балаларды қорғау» күні «Бүлдірген мен күлдірген», «Достық» тобы «Космос» мәдени орталығына барып, балалар күніне арналған ойын-сауыққақатысып, сыйлыққа сусындар алып, содан соң «Қисық айна» фильмін тамашалады. «Бүлдіршіндер», «Жауқазын», «Атамекен» тобы «Ленин» паркіне барып тамаша концерт көріп, сыйлыққа сусындар мен балмұздақ алып, жақсы демалып келді. «Балдырған» тобы «Шаңырақ» мәдениорталығында «Жауқазын» тобының концертін тамашалады.

«Достық», «Атамекен» «Бүлдірген мен күлдірген», «Шағала» тобы Ш.Айманов атындағы кинотеатрға барып «Шрек» мультфильмін қызықтады. «Қарлығаштар» тобы мектеп кинозалында мультфильм кқрді. «Балдырған», «Бүлдіршіндер», «Жауқазын» тобы Жү Аймауытов атындағы Қазақ драма театрында «Батыр қоян» ертегісін тамашалады.

«Нептун» бассейніне бой сергітіп келді. Естай атындағы Мәдени сарайында концерттік бағдарлама тамашалады. №2 музыкалық мектепке саяхатпен музыкаға қнерлі балалардың қобыз, домбыра, саксафон аспаптарында ойнағандарын, Оқушылар сарайында «Көңілді жаз» атты концерттік бағдарламаны тамашалады. Экологиялық мектепке қонаққа барып, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізді. Көркемөнер мұражайында суретшілердің жұмыстарымен танысп, ҚР-ныңрәміздер күніне байланысты әңгіме қозғалды. «Космос» кинотеатрында «Алиса в стране чудес» атты ертегісіе қызықтады. Потанин атындағы өлкетану мұражайында тарихи ескерткіштерге байланысты лекция, экскурсия мазмұнды жүргізілді.

Және те Масалимова Г.Т. мен Арынова Д.Қ. «Жаз АРУЫ» сайысын ұйымдастырды. Сайыс өте қызықты өтті. 1-орын иесі Маненова Мадина «Достық» тобынан, 2-орынға Тулеубаева Дильназ «Балдырған» тобынан, Аязбаева Диана «Шағала» тобынан, 3-орын Саясат САя «Жауқазын» тобынан ие болды.

«Әдептілік, сыпайылық еліне» саяхат атты шара оқушылардың әдепті сөйллеуге, сыпайылықққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында өткізіліп, белсенді қатысқан оқушылар болды. 1-орынға ие болған Аязбаева Диана болды. Жакупбаева Г.Ө. мен Шаханова Д.Ж. өте мазмұнды ұйымдастырды.

Ш.К. Ибраеваның ұйымдастыруымен «Жас журналистермен жүздесу» сайысына барлық топтар қатыстырылып, оқушылардың тілге , мәдениетке, өз Отанын сүюге деген мақсатымен, «Көңілді тапқырлар» сайысына әр топтан 5 баладан қатысып, оқушылардың әзіл-ысқақ өнеріне баулу, жас ерекшеліктеріне қарай сахналық көрініс шеберліктерін көрсетіп, әрі қарай дамыта білу мақсатында өткізілді.

Жакупова А.Е. оқушылардың арасында «Асфальттағы суреттер» сайысын ұйымдастырды. Оқушыларқызығушылықпен сурет сала білді.

Мектеп жанындағы спорт алаңында Молдагельдинов Н.Қ., Оспанов А.Н. ұйымдастыруымен әр түрлі спорттыұ шаралар өткізілді (футбол, пионербол, эстафеталық ойындар).

Аға тәлімгер Исенова З.М. ұйымдастыруымен бойынша топтар арасында әртүрлі психологиялық тренингтер, тестер, сайыстар өткізілді.

Жазғы демалыс кезіндегі барынша оқушылардың, жас өспірімдердің бос уақыттарын жас ерекшелігіне байланысты тиімді, мазмұнды ұйымдастырылуының арқасында «Ақ көгершін» сауықтыру лагері қойылған мақсатына жетті.