Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Алаш қозғалысына 100 жыл
02-12-2017 12:45
Алаш қозғалысына 100 жыл

Биыл Алаш қозғалысына 100 жыл. Осы атаулы күнге орай мектебімізде кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Алаштың бес арысы» атты тәрбиелік шара болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларға алаштың бес арысын таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбие беру. Қазақ автономиясының құрылуын насихаттау. Тәуелсіздігімізді айқындау.
Фото суреттер, бейнефильмдер көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ауызша журнал» айдары бойынша кітапхана меңгерушісі Ибраева Шолпан Каденқызы шағын баяндама жасап, екінші кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразбаева Бигүл Қазтайқызы 9-сыныптар арлығында интеллектуалды сайыс өткізді.Кеш соңында қазақ халқының бүгінгі бейбіт өміріне кепіл болған Алаш ардақтыларын бір минут үнсіз еске алды. Тағлымы мол, тарихымызды танып білуге зор үлесін қосқан бұл кеште оқушылар ұлттық рухты өз тағдырынан жоғары қоя білген, бүгінгі тәуелсіз еліміздің тарихында алаш қайраткерлерінің қоғамдағы атқарған қызметі ұлттық сананы жаңғыртудағы ерлік істерімен құнды екеніне көз жеткізді