Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жылдың басты құжатын Павлодар қаласындағы №19 жалпы орта білім ордасының ұжымы стратегиялық маңызды құжатын тыңдап,талдап,бірауыздан қолдады.
11-01-2018 14:27
 Жылдың басты құжатын Павлодар қаласындағы №19 жалпы орта білім ордасының ұжымы стратегиялық маңызды құжатын тыңдап,талдап,бірауыздан қолдады.

     Мемлекет басшысы, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының жаңа мүмкіндіктерін талдай отыра, жүзеге асырылуының басым бағыттарын көрсетіп берді. Маңызды құжатты көппен бірге Павлодар қаласындағы №19 жалпы білім беретін орта мектептің ұстаздар ұжымы да талқыға салды. Жолдаудың маңызын, ондағы бағыттардың негізгі тетіктерін ұстаздарға түсіндіру жұмысы барысында ұжым мүшелері де өзі ойларын ортаға салды. Ең алдымен биылғы Жолдау қазіргі кезде орын алған жаһандық экономикалық дағдарысты еңсерудің жаңа жолдарын айқындады.Осы тұрғыда Ұлт көшбасшысы нақты бес бағытты белгілеп берді. Қоғамдағы түрлі салалардың дамуы жолы да көрсетілді. Оның ішінде Әлеуметтік салаларда назардан тыс қалмады. Халықты әлеуметтік тұрғыда қорғаудың жолдары көрсетіле отырып, оны жүзеге асырудың негізгі тетіктерін атап көрсетті. Бұл тұрғыда аз қаматмасыз етілген жанұяларға,көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу керектігін де Елбасы атап өтті. ХХІ ғасыр білімнің ғасыры. Қоғам дамуының басым бағыты білім екенін Елбасы Жолдау айқындап берді. Бұл дегеніңіз білім, ғылымның басты назар да екенін көрсетсе керек. Білім салаларының негізгі сатылары бойынша міндеттер айқындалып отыр. Білім саласына бөлінетін қаржының жыл сайын өсіп отыратыны айтылды. 2021 жылға қарай білім берудің жаңартылған мазмұнға көшу үрдісі аяқталады. Ол үшін мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Ұстаздар өзі біліктілігін арттырады. Ұстаздар беделін көтерудің негізгі бағыттары айқындала отырып, жауапты ведомостволарға нақты тапсырмалар берілді. Ең алдымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың жалақысының 30-50 пайызға көтеруі мұғалім мәртебесін арттыру тетіктерінің бірі екені даусыз. процентке көбейтуді тапсырамын. Қазіргі кезде орта мектептерде оқу процесіне енгізіліп жатқан, білімнің жаңартылған мазмұны, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыта түсетінін айтты. Осы арқылы білім жүйесі халықаралық стандартқа сай бола түседі. Елімізде білім беру жүйесін жаңартуға баса назар аударылып,өзіндік алдыңғы қатарлы оқыту жүйесі мен жаңа бірыңғай стандарттары құрылуда.Оқытудың жаңартылған мазмұны мен жаңа әдістемелік жолдары оқушыларды үнемі өзгертіп тұратын әлемге дайындауға,бейімдеуге мүмкіндік береді. Латын әліпбиіне көшу үрдісі, білім жүйесінің әлемдік бәсекелестікке төтеп беретін басты құралдың бірі болатыны белгілі. Осы тұрғыдағы жүзеге асырылатын шаралар да анықтады.

Елбасы Жолдауында қоғамның түйткілді мәселелерді анықтап берді, оны жүзеге асыру бағыттары көрсетілді. Мектеп ұстаздары, Жолдаудың маңызын атап көрсетіп, өз пікірлерін ортаға салды